Бақыты оянған ерлердің,
Әрбір ісі оң болар.
Дәулеті күнге артылып,
Не қылса да мол болар,
Тазылары түлкі алып,
Қаршығасы қаз іліп,
Сөз сөйлесе жөн болып,
Не десе де жарасар.
(Асан қайғы)
Айдын көлге жарасар
Жағалай біткен қоғасы.
Бәйбішеге жарасар
Отаудағы сабасы.
Ер жігітке жарасар
Қолындағы найзасы.
Жақсы болса азамат,
Халқына тиер пайдасы.( Омар Хаям)
Если ответ по предмету Қазақ тiлi отсутствует или он оказался неправильным, то попробуй воспользоваться поиском других ответов во всей базе сайта.