Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымғатән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнгеқыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарғабет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де –өз алдына бір әңгіме.Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзініңжылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылықсыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-біріастасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдықкөңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлапжатыр.Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлыкөзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілікатаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей.
Если ответ по предмету Қазақ тiлi отсутствует или он оказался неправильным, то попробуй воспользоваться поиском других ответов во всей базе сайта.