Жазғы демалыста мен ата-анаммен Мәскеуге бардым. Мұндай бай, әрі атақты қала маған үлкен әсер қалдырды. Менің оған тағы да барғым келеді. Орталығында қыдырып жүріп, мен Кремлді, Қызыл алаңды, Кремлдің маңындағы түрлі атақты тұлғалардың жерленген жерлерін, соның ішінде Ленин Мавзолейін көрдім. Маған бәрінен де Василий Блаженныйдың соборы ұнады. Ол түрлі түсті күмбезімен сиқырлы сарайды елестетеді. Мәскеуде көптеген жанына гүл егілген субұрқақтар өте көп. Мысалы, Поклонный тауында түрлі әдемі гүлдерден үлкен сағат жасалған, ал оның жанындағы субұрқақ ашық қызыл жарықпен әрленген. Оны алаудан айыра білу мүмкін емес. Мәскеу өзені мен ойлағаннан да үлкен әрі кең болып шықты. Біз өзен трамвайына мініп алып, үлкен кемелердің сыртынан қарадық. Кешкісін Кремль жағалауында серуендедік, ал таң алдындағыдай жарқырап тұр екен.
Если ответ по предмету Қазақ тiлi отсутствует или он оказался неправильным, то попробуй воспользоваться поиском других ответов во всей базе сайта.