Опубликовано 03.01.2018 по предмету Қазақ тiлi от Гость

Ребят помогите пожалуйста составить сочинение на казахском языке на тему мой любимый поэт ( Абай Кунанбаев) взарание огромное спасибо

Ответ оставил Гость

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы,ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннанкейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жылоқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб,парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан,Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындықөнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының,ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып,дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдіңжолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағыорыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшыЛеонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары:Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл,ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; БатысЕуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор,Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақаналауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастардыадал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алғанұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзініңөлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адаммінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік,көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айтакеліп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаманәдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болусияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісініңқатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, еңболмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есепал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы менмәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистіктұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсызболуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандарақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистіккөзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортағабайланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен,егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайдыдеген кісінің тілін кесер едім»,-деді.
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық,эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абайтүсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмірсүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағыақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмірсүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай.Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсемекен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойынажан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым.Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте,дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырынбілім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.

Не нашел нужный ответ?

Если ответ по предмету Қазақ тiлi отсутствует или он оказался неправильным, то попробуй воспользоваться поиском других ответов во всей базе сайта.


Найти другие ответы
Самые новые вопросы