Грамматика саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі - сөздіңморфологиялық құрылымы. Сөздің морфологиялық құрылымын дұрыс талдаужасау үшін ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгіморфологиялық ұғымдарды алдын-ала айқындап алу қажет. Ондай негізгіморфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түрлерітүбір морфема (немесе негіз морфема) және аффикстік морфема (немесекөмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді. (Аханов,1978,271-6.).
Сөздің құрамындағы морфемалар білдіретін мағынасымен атқаратын қызметі жағынан және түрған орнына қарай біркелкіболмайды. Мысалы, сүйемін және тілін деген сөздердегі сүй, тіл және е, мін, і, н, морфемаларын салыстырайық. Сүй, тіл бөліктерісөздегі негізгі лексикалық мағынаны, сол арқылы сөздің қандай тұлғадаайтылса да жалпы грамматикалық мағынасын білдіреді, басқа түрлі мағыналысөз жасауға ұйытқы бола алады және басқа формалар бұларға келіпжалғанады. Ал е, мін, і, н морфемалары жеке тұрып ешбірмән-мағына бере алмайды. Тек алғашқы морфемаларға қосылғанда ғана барыпоған әр түрлі грамматикалық мағына үстейді және сол алғашқы морфеманыңсыртқы дыбыстық ерекшелігіне байланысты кұбылып, өзгеріп те отырады. Айтамын, басын дегендердегі а, ы морфемаларынан сүйемін, тілін дегендегі е, і морфемаларыныңмағыналық қызметінен ешбір айырмашылығы жоқ, айырмашылық тек дыбыстықжағында, яғни бұлар бір қосымшаның жуан және жіңішке нұсқасы болыптабылады.
Если ответ по предмету Қазақ тiлi отсутствует или он оказался неправильным, то попробуй воспользоваться поиском других ответов во всей базе сайта.