Опубликовано 03.01.2018 по предмету Қазақ тiлi от Гость

Напишите диалог на тему "Аулада"
Очень СРОЧНО!!

Ответ оставил Гость

Әрине, онша сұлу көрініс емес. Дегенмен, көлігі «шыр» ете қалса, яғни,сигнал берсе, егесі бас-көз болатындай мүмкіншілігі бар. Сосын,автокөлік пен футболшылар ғана емес, ауламыздың үлкен-кіші, кәрі-жастұрғындары да жетерліктей. Әсіресе, жас балалар өте көп. Олардың ауладаөздерін қалай ұстайтындарына әуре болып, сия кетірмей-ақ қояйын. Өзіңізде көз алдыңызға елестеткен шығарсыз. Зу да зу ғой...
Бір күніауламызға қуанышты хабар келді. Аула кемпірлерінің аузында: қалалықәкімшілік әр ауланы күрделі жөндеуден өткізеді екен. Балаларға арналғаналаңшалар салынып, автотұрақтар салынып, көліктер бет-алды тұрмай,тәртіпке келіп, пәлен үйдің ауласын жөндеп, түген үйдің алдын сәндеп,жиекшелерін ауыстыратын болыпты-мыс деген гу-гу әңгіме.
Айтқандай-ақ,көп ұзамай құрылысшылар келіп, оны-мұны жұмыстарын бастап та кетті.Бомбы жарылғандай, дем арасында ауламыздың астан-кестені шықты.
Үйдіңбір қожайыны өзім болғасын, ерінбей жұмысшыларға барып, «бастығымызосы» деген жігітке жолықтым. Ол жігіттің түр-түсін суреттемей-ақ қояйын.Кәдімгі қазақ жігіті. Сондағы сұрамақ болғаным: ауламыздың тағдыры неболады, не істеп, не қоясыңдар... деген сияқты қарапайым сұрақтар. Әлгіжігіт ауламыздың кескінін қағазға сызып көрсетпесе де, келбетін суреттепберді. Қолының ұшын пайдаланып, ары-бері ербеңдетіп, балалар алаңшасықай жерде, кемпір-шалдар отыратын жер қайда, көліктердің тұрағы қай жерболатынын тәптіштеп түсіндірді. Түсіндім. Жақсы екен. Күдігім сейіліп,көңілім бір марқайып қалды. Жоспарымда Астанаға барып келу бар еді.Алаңсыз кете бердім.

Не нашел нужный ответ?

Если ответ по предмету Қазақ тiлi отсутствует или он оказался неправильным, то попробуй воспользоваться поиском других ответов во всей базе сайта.


Найти другие ответы
Самые новые вопросы